logo

«Семей» УЕФА Чемпиондар лигасындағы ойынын өткізеді

«Семей» УЕФА Чемпиондар лигасындағы ойынын өткізеді

Бүгін футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде Абай облысының «Семей» және алматылық «Қайрат» алғашқы ойындарын өткізеді, деп хабарлайды Sport+ Kazinform агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстандық клубтар төртінші топта сынға түседі. Қарсыластары - Португалияның «Спортинг Лиссабон», Венгрияның «Халадаш» клубтары. 

Бүгін ел чемпионы «Семей» 17:00-де «Спортинг Лиссабон» клубымен шеберлік байқасса, «Қайрат» 20:00-де «Халадашпен» ойнайды.

Ал 23 қазанда 20:00-де «Қайрат» пен «Семей» өзара кездессе, тағы бір кездесуде «Спортинг Лиссабон» мен «Халадаш» ойнайды. 

Сондай-ақ 25 қазанда 17:00-де «Семей» мен «Халадаш», 20:00-де «Қайрат» пен «Спортинг Лиссабон» кездеседі. 

Айта кетсек, аталған турнирге семейлік клуб алғаш рет қатысып жатса, алматылық команда бұған дейін 20 мәрте бақ сынап үлгерді. Бұл Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекордты тіркеді.

«Қайрат» 2012/13, 2014/15 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында жеңіс тұғырына көтерілген.
Ойындар Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт сарайында өтеді.