«Семей» футзал клубы бапкерсіз қалды

Футзалдан «Семей» клубы бас бапкер Дави Мендонсамен ынтымақтастықты аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.
«Давиге оның еңбегі мен адалдығы үшін алғысымызды білдіреміз. Чемпиондық – ортақ еңбектің нәтижесі, және бұл жетістіктегі оның рөлі даусыз. Дегенмен, клубтың стратегиялық мақсаттарына сай жұмыс істейтін маман қажет», – деп түсіндірді шешімді клубтың бас директоры Азамат Әселқан.
Жаңа бас бапкер тағайындалғанға дейін «Семей» клубының спорттық директоры Аслан Смақов бас бапкердің міндетін уақытша атқарады.