Шавкаттың әлеуеті жақсы: UFC өкілі Рахмонов – Гэрри жекпе-жегіне болжам жасады
UFC-дегі орта салмақ өкілі америкалық Макс Гриффин 8 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрридің айқасында жеңіс кімге бұйыратынын болжады, деп хабарлайды Sport +.
Гриффин қазақстандық спортшы басымдық танытады деген пікірде.
«Шавкат жеңеді деп ойлаймын. Маған Иэн Гэрри ұнамайды. Шавкат басымдық танытуы тиіс. Джефф Нилмен жекпе-жекте қатардағы спортшы ретінде көрінсе де, Шавкаттың әлеуеті жақсы. Иэн де жаман емес, бірақ оның төбелесі мүлде ұнамайды», - деді ол Middle Easy-ге берген сұхбатында.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов — Иэн Гэрри айқасы UFC 310 турнирінде басты жекпе-жекке теңестірілген. Сонымен қатар сол күні шоу кардында Макс Гриффиннің өзі де октагонға шығып, Майкл Кьезамен өзара кім мықтыны анықтайды.