Сауат Нургалиев – классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы
15 жастағы Сауат Нұрғалиев классикалық шахматтан ерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport+.
Бұл — отандық спорт үшін ерекше әрі өте сирек кездесетін жетістік. Турнир барысында Сауат байыпты, тұрақты және жоғары кәсіби деңгейдегі ойын көрсетіп, елдің ең мықты әрі тәжірибелі шахматшыларын басып озды.