logo

Санжар Тәшкенбай шаршы алаңға оралады

Санжар Тәшкенбай шаршы алаңға оралады

Шымкентте Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған бокстан ерлер арасында халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Қыркүйектің ортасынан Түркістан облысында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстан құрамасы аталмыш жарысқа толық құрамда қатыспақ. Жүзге жуық боксшының қатарында: бірнеше айлық үзілістен кейін шаршы алаңға оралатын Санжар Тәшкенбай, кәсіпқой боксқа толық ауысып, жақында әуесқой рингке қайта келген Абылайхан Жүсіпов, Париж Олимпиадасына қатысқан Сәкен Бибосынов, Азия чемпиондары Диас Молжігітов, Сабыржан Аққалықов, Нұрсұлтан Алтынбек және тағы басқалары бар.

Қазақстан боксшыларының үлкен құрамда қатысуының басты себебі - Шымкенттегі турнирде бапкерлік кеңес Азия чемпионатына қатысатын спортшыларды қарастырады. Бұл Қайрат Сатжанов үшін бас бапкер қызметіндегі алғашқы жарыс болмақ.

Осымен 43ші рет өтетін беделді бәсекеге Қазақстанның барлық аймағынан және Укрина, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Тәжікстаннан 150 боксшы қатысады деп күтілуде.

29 қыркүйек жеребе тартылып, алғашқы жұптар анықталады. Ақтық сын 4 қазанға жоспарланған.