Санжар Тәшкенбай - екі дүркін әлем чемпионы

Бокстан Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер жалғасып жатыр.
Ең жеңіл салмақтағы, 50 келіде сынға түскен Санжар Тәшкенбай финалдық бәсекеде Моңғолия спортшысы Алдархишиг Баттулгамен жұдырық түйістірді. Отандасымыз жекпе-жекте көз ілеспес жылдамдықпен қимылдап, қарсыласын тас-талқан етті. Есеп: 5:0.
Бұған дейін Санжар Тәшкенбай 2023 жылы Ташкент төрінде ұлттық құрама сапындағы ең жас әлем чемпионы (19 жас) атанған болатын.