Шаңғышылар әлем кубогының кезеңіне аттанды

17 қаңтар күні Закопане (Польша) қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогы кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы бұл жарысқа төрт спортшыны қатыстыруда. Әлем кубогында Илья Мизерных, Данил Васильев, Сабыржан Муминов және Святослав Назаренко өнер көрсетеді.
Жарыс іріктеу кезеңінен басталады. Бұл кезеңге барлығы 57 спортшы қатысады.