logo

Санатәлі Төлтаев: Канелоның соққы күші – мен үшін үлгі

Санатәлі Төлтаев: Канелоның соққы күші – мен үшін үлгі

Sport+ телеарнасындағы «Спорт Сыры» бағдарламасына ағайынды боксшылар Санатәлі мен Саматәлі Төлтаевтар құрметті қонақ болды.

Бағдарлама барысында Санатәлі өзіне ұнайтын әлемдік деңгейдегі боксшыны атап өтті:

«Канело сияқты панчер болғың келеді. Оның соққылары жойқын, өздеріңіз де көріп отырсыздар. Дәл сол стильде жұдырықтасамын деп айта алмаймын, бірақ мексикалық боксшының осы қасиеті ерекше ұнайды», – деді ол.

«Спорт Сыры» бағдарламасының толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы тамашалай аласыздар.