logo

Саматәлі Төлтаев келесі қарсыласының есімін білді

Саматәлі Төлтаев келесі қарсыласының есімін білді

Қазақстандық боксшы Саматәлі Төлтаев кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегін тәжікстандық боксшыға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жекпе-жек 1 маусымда ADD Arena-да өтеді. Қазақстандықтың қарсыласы - 26 жасар тәжікстандық Элчибек Ниозмамадов. Ол кәсіби рингте 6 жекпе-жек өткізіп, 2 жеңіске жеткен, 3 жеңіліп, біреуін тең нәтижемен аяқтаған.

Саматәлі кәсіби рингтегі дебютін 2024 жылдың ақпан айында Ыстамбұл қаласында өткізді, онда жергілікті боксшы Рефик Тарханды (4-4-0, 1 KO) төрешілер шешімімен жеңген болатын.