Сәкен Бибосынов Италиядағы лицензиялық турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Италиядағы лицензиялық турнирдің 1/8 финалында жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бибосыновтың қарсыласы бұрын Қазақстан атынан қатысқан, бірақ азаматтығын өзгертіп, Бахрейн атынан жұдырықтасатын – Азат Махметов болды. Жекпе-жек 4-1 есебімен Сәкеннің жеңісімен аяқталды.
Кейін рингке Қазақстанның басқа да өкілдері шығады - Нұрбек Оралбай Алексей Алферовқа (Беларусь) қарсы шығады, Махмұд Сабырханға Пуэрто-Рикандық Калеб Тирадо Паган қарсы болады, ал Асланбек Шымбергенов Байрамдурды Нұрмұхаммедовпен (Түрікменстан) кездеседі.
Бұған дейін ширек финалға жолдаманы Оңтүстік Кореялық боксшы Джин Джо Хьюнгті жеңген Алуа Балкибекова иеленді.