Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Париж олимпиадасында бокстан 51 келіде Сәкен Бибосынов (Токио ойындарының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы) бірінші кездесуінде түрік Самет Күмүшті (Еуропа чемпионы) жеңіп, келесі кезеңге шықты.
Аса тартысты өткен айқаста Бибосынов мығым соққылары мен қорғанысын жақсы ұштастыра білді.
Енді жерлесіміз өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен (Рио олимпиадасының чемпионы) боктасуы мүмкін. Келесі қарсылас шынымен сынақ болатынын бапкерлер де, боксшы да біледі.
Айта кетейік, осыған дейін Қамшыбек Қоңқабаев пен Асыланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жектерінде қарсыластарынан жеңіліп қалған болатын.
Сондай-ақ, осыған дейін Нұрбек Оралбай да ширек финалға шықты.