logo

Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін Әлем чемпионатында үшінші орында тұр

Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін Әлем чемпионатында үшінші орында тұр

Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудағы көшбасшысы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында қысқа бағдарламаны сәтті орындады, деп хабарлайды Sport+ Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы өз өнері үшін 94,77 ұпай жинап, аралық үшінші орынға жайғасты.

Қысқа бағдарламада көш бастап тұрған спортшылар:

Илья Малинин (АҚШ) — 110,41
Юма Кагияма (Жапония) — 107,09
Михаил Шайдоров (Қазақстан) — 94,77

Айта кетейік, еркін бағдарлама 30 наурызға қараған түні өтеді.



Күн шежіресі