Сағын – Жұбаныш арасындағы дау-дамайлы реванш, Қасымжановтың дебюті және жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі Шаратовтың жекпе-жегі. NAIZA 73 турнирі LIVE

Қарағандыда NAIZA 73 турнирі өтеді. Бас жекпе-жекте Қазбек Сағын мен Бағдат Жұбаныш кездеседі.
Бұл қос спортшының үшінші кездесуі. Алғаш рет олар ММА бойынша Әлем чемпионатының финалында кездесіп, сол кезде жеңісті Бағдат иеленген еді. Кейін NAIZA лигасының белбеуі үшін өткен жекпе-жекте төрешілер шешімімен Қазбек жеңіске жетті. Енді үшінші айқас бұл жұптағы мықтыны анықтайды.
Турнирдің қосалқы басты жекпе-жегінде Ансар Қасымжанов өнер көрсетеді. 77 келідегі «Alash Pride-тың» бұрынғы чемпионы лигада дебюттік жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласы — тәжірибелі қытайлық Жу.
Сондай-ақ басты кардта жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі Абылайхан Шаратов та октагонға шығады.
Жалпы, турнир аясында Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Бразилия, Қытай, Тәжікстан, Украина, Түрікменстан және Үндістаннан келген спортшылар қатысатын 14 жекпе-жек жоспарланған.
Турнир 17:00–де басталады.
Тікелей көрсетілім Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және YouTube-тағы sportplus_qaz арнасында қолжетімді болады.