logo

Садриддин Ахмедов: Спорттағы жетістік — сенімді ортаға тәуелді

Садриддин Ахмедов: Спорттағы жетістік — сенімді ортаға тәуелді

Sport+ телеарнасындағы «Жұлдызды жанкүйер» бағдарламасының қонағы — былғары қолғап шебері Садриддин Ахмедов болды.

Белгілі боксшы спортшының жетістігі неге байланысты екені жайлы өз пікірін білдірді.

— Спортшының сынбауы — ортасына байланысты. Егер айналаң саған сенбесе немесе сенен гөрі аз сенсе, әлсірей бастайсың. Ал олардың тарапынан шынайы сенім болса, сен қанаттанып, күш жинайсың. Сондықтан спортшылар да өздеріне дұрыс орта табуға тырысуы керек деп ойлаймын. Көп спортшылардың арасында дұрыс емес адамдар жүр, бұл — жасырын емес. Арамызда ондайлар болуы мүмкін, бірақ бәрі бірдей ашып айтпайды. Спортшының тура жолмен жүруі де, теріс жолға түсуі де — өз қолында. Бұл тек үйдегі адамдарға емес, сырттағы араласатын ортасына да байланысты, — деді Садриддин Ахмедов.

Бағдарламаның толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.