logo

Садриддин Ахмедов салмақ өлшеуден өтті

Садриддин Ахмедов салмақ өлшеуден өтті

Садриддин Ахмедов (13-0) Америкадағы алғашқы жекпе жегінің алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақ боксшысы орта салмақтың (72,5 келі) көрсеткішіне сай келді, таразыдағы салмақ - 72,3 келі. Оның америкалық қарсыласы Антонио Тодд (17-10, 9 КО) көрсеткіші - 72,03 келі.

26-жасар Ахмедов 2022 жылдың желтоқсан айынан алғаш рет шаршы алаңға шығады.

Ахмедов - Тодд жекпе жегі 1 қыркүйек таңертең өтеді. Тікелей көрсетілім сағат 7:00де Sport Plus Qazaqstan телеарнасында және sportplustv.kz сайтында басталады.