Садақ атудан тарихи жүлде
Шанхайдағы садақ атудан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Блоктық садақ атудан командалық жарыста Қазақстан әйелдер құрамасы Эстонияны 231:224 есебімен жеңіп, қола жүлдегер атанды. Қазақстан намысын Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Айжан Сейдахметва қорғады.
Бұған дейін Қазақстан садақшылары ширек финалда Оңтүстік Кореяны 234:230 есебімен ұтып, жартылай финалда Италия құрамасына бір ұпай айырмасымен жол берген.
Бұл садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасының әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі.