logo

Сабырхан, Оралбай, Ибрагимова, Богданова, Зейнуллинов. Ливерпульдегі Әлем чемпионатының тікелей эфирі

Сабырхан, Оралбай, Ибрагимова, Богданова, Зейнуллинов. Ливерпульдегі Әлем чемпионатының тікелей эфирі

7 қыркүйекте Ливерпульдегі рингте Қазақстанның бес өкілі шығады, соның ішінде Карина Ибрагимова Англияда екінші жекпе-жегін өткізеді.

Қазақстандық боксшының кешкі сессиядағы қарсыласы — ағылшындық Элиз Глинн. Каринаның жекпе-жегі шамамен 22:15-те басталады.

Сонымен қатар кешкі сессияда Наталья Богданова өнер көрсетеді, ол үндістандық Санамача Чану Зочомен кездеседі. Олардың жекпе-жегі шамамен 23:45-те басталады.

Сондай-ақ Ертуған Зейнуллинов Франция өкілі Хуго Граумен кездеседі (01:15).

Күндізгі сессияда ерлер құрамасының екі өкілі өнер көрсетеді. Шамамен 16:00-де Махмұд Сабырхан рингке шығып, мексикалық Бриан Оуэн Ортизбен жекпе-жек өткізеді.

Ал 17:00-де Нұрбек Оралбай украиналық Матвей Ряжбамен айқасады.

Күндізгі сессия 15:00-де, кешкі сессия 22:00-де басталады. Әлем чемпионатының тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі