logo

Рыпакова мен Қоңқабаев Олимпиадада киіп шыққан киімін Ұлттық музейге сыйлады

Рыпакова мен Қоңқабаев Олимпиадада киіп шыққан киімін Ұлттық музейге сыйлады

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті 2020 жылғы Олимпиадада ту ұстаған спортшылардың костюмін ҚР Ұлттық музейіне табыстады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл — Халықаралық Олимпиада күнін тойлау аясындағы алғашқы іс-шара.

Аталған киім үлгісімен Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Олимпиада ойындары мен бокстан әлем чемпионатының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев және еліміздегі ең танымал спортшы, жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Қазақстан құрамасын бастап шыққан болатын.

Қазіргі уақытта мұражайда 654 костюм болса, оның 223-і — спортшыларға тиесілі. 

Олардың қатарында Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Александр Винокуров, Денис Тен және басқалардың спорт киімдері бар.