Рыбакина маусым үздіктері қатарында
Елена Рыбакина маусымның үздік теннисшілері рейтингінде екінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.
Жал басынан теннисші 4901 ұпай еншілеген. Рыбакинаны өкшелеп биылғы Уимблдон финалисі итальялық Ясмин Паолини (4505 ұпай). Төртінші орында Арина Соболенко (Беларусь) - 4466 ұпай, үздік бестікті америкалық Коко Гауфф түйіндеп тұр, 3598 ұпай. Бірінші орында әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швёнтек, 7465 ұпай.
«WTA чемпиондар сайысы» — жылдың қорытынды жарысы. Оған маусым нәтижесіндегі әлемнің 8 үздік теннисшісі қатысады. Биылдан бастап 2026 жылға дейін турнир Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді. 2024 жылы бұл дода 2-9 қарашаға жоспарланған. Жүлде қоры - 15,25 миллион доллар.