Рыбакина Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты
Әлемнің бесінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport+.
Ширек финалда ол Польша өкілі, әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтекті 7:5, 6:1 есебімен жеңді.
Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалында Елена Рыбакина АҚШ-тың екі өкілі — WTA рейтингінде 6-орында тұрған Джессика Пегула мен 4-орындағы Аманда Анисимова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.