Рыбакина әйелдер теннисі тарихындағы рекордтық жүлде қаржысын иеленді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі жеңісі үшін 5,5 миллион доллар көлемінде жүлде қаржысын алды.
Бұл — әйелдер теннисі тарихындағы рекордтық сома.
Бұған дейінгі әйелдер теннисіндегі қаржылық рекорд та Рыбакинаға тиесілі еді. Ол 2025 жылы Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турниріндегі жеңісі үшін 5 миллион 235 мың доллар алған болатын.
Жалпы мансабында Елена 35,3 миллион доллар табыс тауып, қазір әйелдер туры тарихында жүлде қаржысы бойынша 11-орында тұр.