Руслан Курбанов Дохада өткен семсерлесуден Гран-приде 13-орын алды
Қатардың Доха қаласында семсерлесуден Гран-при сериясының кезеңі өтті, деп хабарлайды Sport+.
Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы сапындағы ең үздік нәтиже Руслан Курбановқа тиесілі болды. Ол 13-орынды иеленді.
Ерлік Сертай 40-орынға, Георгий Тинников 43-орынға, Вадим Шарлаимов 63-орынға, Александр Федотов 88-орынға, Кирилл Павлов 98-орынға, Эльмир Әлімжанов 99-орынға те болса, ал Никита Жулинский 156-орынға тұрақтады.
Әйелдер құрамасы да жүлдесіз қалды. Владислава Андреева 99-орын алды, София Николайчук 127-орынға, ал Әсел Әлібекова 152-орынға ие болды.