Руслан Балтиев: Жеңуге болатын ойын еді
«Шыны керек біз қауіпті сәттердің бірлі-жарымын пайдалансақ жетіп жатыр еді. Алайда, қақпаның бағанасы мен маңдайшасы алаң иелеріне жұмыс істеді. Армения жылдам гол соғып, психологиялық басымдық сезілді. Енді еңсе тіктей бергенде екінші тіркелді. Негізі, жеңуге болатын ойын еді.
Біз өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Сәтсіздік болды деп жаба салуға да болар еді. Алайда, менің ойымша кейбір сәттерде шеберлік жетіспеген сияқты.
Мұндай матчтарда жастарды шығарып бір тексеріп алғанымыз жөн. Өйткені жолдастық матч сол үшін де керек. Мысалы, бүгін футболшыларға еш сын таға алмаймын. Олар алаңда барын салды. Көп шабуылдап, жеңе алмадық. Ал кейде 2 шабуыл жасап, 2 гол салуға болады. Футбол сонысымен де қызық қой»