«Roland Garros Junior Series»: Қазақстанның алты теннисшісі жартылай финалда

«Roland Garros Junior Series»: Қазақстанның алты теннисшісі жартылай финалда

Алматыдағы «Gorky Tennis Park» кешенінің топырақ корттарында 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасында «Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia» халықаралық іріктеу турнирі жалғасуда.

Жарыс Қазақстан теннис федерациясы, Азия теннис федерациясы (ATF) және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтуде. Турнирге Орталық және Батыс Азия елдерінің үздік жас теннисшілері қатысып жатыр. Ұлдар мен қыздар арасындағы жарыс жеңімпаздары қазан айында Жапонияда өтетін Roland Garros Junior Series финалдық кезеңінде өнер көрсету құқығына ие болады.

1-8-орындар үшін өткен матчтардың қорытындысы бойынша Қазақстанның бірнеше өкілі жартылай финалға жолдама алды. Ұлдар арасында Родион Трайгельсириялық Мухамад Эяд Салимді үш сетте — 6:3, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Амир Аскартартысты кездесуде отандасы Диас Түлепбергеновтен — 7:5, 5:7, 6:4 есебімен басым түссе, Бексұлтан БауыржановӨзбекстан өкілі Хамиджон Мансуровты — 6:0, 7:5 есебімен ұтты.

Осылайша, ұлдар арасындағы турнирдің жартылай финалында Қазақстан атынан бірден үш теннисші өнер көрсетеді. Родион Трайгель Амир Аскармен кездеседі. Демек, қазақстандық теннисшілердің бірі финалға шығатынына кепілдік бар. Екінші жартылай финалда Бексұлтан Бауыржанов Иран өкілі Киараш Садегизейдимен сынға түседі.

Қыздар арасында да Қазақстан өкілдері бас жүлде үшін күресті жалғастыруда. Тамина Сакен отандасы София Малышеваны — 6:0, 6:2, Алуа Марат Елизавета Нигматулинаны — 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Ал Айым ҚанағатоваАлисса Королевадан — 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Жартылай финалдың тағы бір жолдамасын қазақстандық Амина Нұрмаханды — 6:2, 6:1 есебімен жеңген Өзбекстан өкілі Александра Бармичева иеленді.

21 тамызда финалға шығу үшін Алуа Марат пен Айым Қанағатова өзара кездессе, Тамина Сакен Александра Бармичеваменойнайды. Қыздар арасындағы жартылай финалдық кездесулер сағат 10:00-де басталады.

Финалдық кездесулер Батыс және Орталық Азия іріктеу кезеңінің жеңімпаздарын анықтайды. Олар жасөспірімдер арасындағы «Roland Garros» турнирінде өнер көрсету мүмкіндігі үшін күресті жалғастырады.

Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!          



Күн шежіресі