Ризабек Айтмұхан RAF лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Ризабек Айтмұхан RAF лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан RAF лигасындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.

Ризабек RAF лигасында алғаш рет өнер көрсеткен америкалық Хайден Зиллмерді жеңіп, алғашқы жеңісін тіркеді. RAF 10 турнирінде өткен белдесу 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.