Бокстан Таиландта өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Римма Волосенко алғашқы қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әйелдер арасында 60 келі салмақта сынға түскен Римма Воловсенок германиялық Мария Ганглбауерді ұтты.

Осылайша, Назым Қызайбай мен Мұхамедсабыр Базарбайұлының ізімен екінші айналымға өтті.