logo

Рикардо Кака: Біз көп гол соғатын команда емеспіз

Рикардо Кака: Біз көп гол соғатын команда емеспіз

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Ливияға қарсы өткен жеңісті ойынның қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Біздің күткеніміз бен өзгелердің бізден күткені – екі бөлек нәрсе. Біз жеңіс күттік, ал біреулер бізден көп гол күткен шығар. Біз жеңіс күттік, ал егер голдар соғылса, бұл өте жақсы болар еді. Біз көп гол соғатын команда емеспіз – бұл факт. Оған қоса, бүгін біздің екі бомбардиріміз – Турсагұлов пен Валиуллин ойнамады. Сондықтан жеңу міндеті орындалды, енді келесі ойынға дайындаламыз».

Қазақстан құрамасы Ливияны жеңіп, Испаниямен тең түсті. Енді Жаңа Зеландияға қарсы ойын күтіп тұр.



Күн шежіресі