Рикардо Кака: Біз әлі ештеңе жеңген жоқпыз, тек бір кезеңнен өттік
Қазақстан футзал құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Португалияға қарсы өткен матч (2:1) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:
– Шынымды айтсам, мұндай сезімді бұрын-соңды бастан өткермеппін. Жеңілістер де, жеңістер де болды, бірақ бүгінгідей жағдайды бұрын сезінген емеспін және не болып жатқанын әлі де түсінбеймін. Тек бір нәрсені білемін: біз әлі ештеңе жеңген жоқпыз, тек бір кезеңнен өттік. Әрине, бәріміз қуаныштымыз, бірақ бұл сәтті сабырмен қабылдап, келесі қарсыласқа дайындалуымыз керек. Бұл жеңіс тек жігіттеріміздің емес, бүкіл Қазақстан халқының жеңісі. Сондай-ақ, Өзбекстан халқына да тиесілі, олар біздің бауырларымыз, және біз мұнда өзімізді үйде жүргендей сезінеміз. Бразилиядан келген көптеген жанкүйерлер бізді қолдап, өз энергияларын жеткізіп жатыр. Әрине, тек Бразилиядан ғана емес, бүкіл әлемнен қолдау бар. Қарсыласымыз өте мықты, олар әлем чемпиондары, және мен Қазақстанның әлем чемпионатында күресті жалғастырып жатқанына қуаныштымын.
– Леоның жоқтығы сезілді ме?
– Әрине, оның жоқтығы әрқашан сезіледі. Ол енді келесі матчта ойнайды.