«Қызылжар» ҚПЛ-де ойын тәжирібесі бар шабуылшысымен күшейді
Петропавлдық «Қызылжар» клубы 30 жастағы ивуарлық шабуылшы Сенин Себаймен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп жазады Sport Plus Qazaqstan.
Сенин қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс – ол бұрын «Тобыл» сапында өнер көрсеткен.
Сонымен қатар, шабуылшы «Балтика», «Химки», «Ахмат» сияқты командаларда да ойнаған. «Тамбов» сапында Ресейдің бірінші лигасының чемпионы атанып, командасымен РПЛ-ге шыққан.
Сениңнің соңғы клубы Сауд Арабиясының бірінші лигасындағы «Аль-Джандал» болды.