logo

«Қызылжар» өз алаңында жеңіске жетті

«Қызылжар» өз алаңында жеңіске жетті

Петропавлдық «Қызылжар» Қазақстан чемпионатының 16 туры аясында талдықорғандық «Жетісу» командасын жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Кездесудің тағдыры ойынның соңында шешілді. Ең алдымен алаң иелерін шабуылшы Сенин Себай алға шығарды. Кейін жартылай қорғаушы Рафаиль Оспанов есепті еселеді.

Ойынға қосылған қосымша уақытта «Жетісу» сапында Антон Шрамченко пенальтиден есеп айырмасын қысқартты. 

Кездесу 2:1 есебімен аяқталды. 



Күн шежіресі