logo

Қытайлық қандасымыз төрт құрлық чемпионатында топ жарды

Қытайлық қандасымыз төрт құрлық чемпионатында топ жарды

Қытайлық қандасымыз Ақнар Адақ конькимен жүгіруден Хатинохе қаласында (Жапония) өткен төрт құрлық чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport +.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Әйелдер арасындағы командалық жүгіру бәсекесінде Қытай құрамасы 3 минут 2.20 секунд нәтижемен топ жарды. Осылайша, Ақнар Адақ төрт құрлық чемпионатынның чемпионы атанды.

Айта кетейік, Конькиші Ақнар Адақ - Шынжаң өлкесі, Құтыби ауданында дүниеге келген. Бұған дейін 2019 жылғы Қытай біріншілігінің 5000 метрлік жарысында — «алтын», 3000 метрде — күміс медаль алған. Халықаралық жарыстарға да қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. 2016 жылы Қытайдың ұлттық құрамасына қабылданған.