Қысқы Универсиадада қоржынға алғашқы алтын түсті

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Туринде (Италия) өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Қазақстандық спортшы финалда 79.79 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған бірінші орынды жеңіп алуға мүмкіндік берді. Екінші орынға Жапония спортшысы Харука Накао (76.29 ұпай) ие болды. Сондай-ақ германиялық Ханна Виис (75.04 ұпай) қола медальді қанағат тұтты. Аяулым Әмренова 70.52 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Городко Қазақстанға Универсиада-2025-тің алғашқы алтын медалін алып келді.