Қысқы Азия Ойындарына қатысатын мәнерлеп сырғанаушылар анықталды
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына қатысатын спортшылардың құрамын анықтады, деп хабарлайды Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының баспасөз қызметі.
Алдағы Азия ойындарында медаль үшін келесі спортшылар бақ сынайды:
Ерлер арасындағы жекелей сырғанау: Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, қосалқы құрамда – Рахат Бралин.
Әйелдер арасындағы жекелей сырғанау: Софья Самоделкина, Софья Фарафонова, қосалқы құрамда – Анна Левковец.
Мұз үстіндегі би: Гаухар Наурызова / Байсанғұр Датиев.