«Қырандар» чемпиондыққа ұмтылысын жалғастыруда: «Бенфика» — «Морейренсе» матчының тікелей эфирі
«Бенфика» жуырда «Спортинг» командасын жеңіп, турнир кестесінің көшбасшысы «Порту» клубын қууды жалғастырды.
Енді Жозе Моуриньо жаттықтыратын команда «Морейренсе» командасына қарсы матч өткізеді. Бұл ұжым еурокубок жолдамасына таласу мүмкіндігінен айырылған.
Бірінші айналымда сырт алаңда «Бенфика» қарсыласын 4:0 есебімен ірі жеңген еді.
Жаңа кездесу 25 сәуір күні сағат 22:00–де өтеді.
Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.