Құзға өрмелеуден Қытайдағы Әлем кубогына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
Спорттық құзға өрмелеуден Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған бәсекеде ел намысын қорғайтын ұлттық құраманың тізімі келесідей: Әлихан Татамбай, Анна Баларшина, Арина Новицкая.
Отандастарымыз «жылдамдық» дисциплинасында өнер көрсетеді. Сондай-ақ жекелей және эстафеталық сайыстарда сынға түседі.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 11-13 қыркүйек аралығында өтеді.