«Құлағын жұлып, мойнын тістеймін»: Садриддин Ахмедов Канеломен жекпе-жек туралы

Sport+ телеарнасындағы «Жұлдызды жанкүйер» бағдарламасының қонағы — былғары қолғап шебері Садриддин Ахмедов болды.
Бағдарлама барысында Садриддин Ахмедов Сауль «Канело» Альвареспен өтетін ықтимал жекпе-жек жайлы ойымен бөлісті:
«Жауапты жекпе-жектер болса, бір минутты да босқа өткізбей, дайындыққа толықтай кірісемін. Мысалы, Канеломен жекпе-жек — бұл әлі күнге дейін көкейімде жүрген арманым. Егер ол жекпе-жек тағдыр жазуымен бола қалса, бұл менің үлкен арманымның орындалғаны болар еді. Рингте қандай жағдай болса да — құлағын жұлып, мойнын тістеп алсам да — мен Қазақ елінің абыройы үшін барымды саламын. Егер бұл кездесу расымен өтетін болса, мен тек жеңіс үшін жұдырықтасамын», — деді ол.
Бағдарламаның толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.