logo

Қос қазақ теннисшісі шетелдік клуб құрамына қосылды

Қос қазақ теннисшісі шетелдік клуб құрамына қосылды

Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілдері, ағайынды Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар жаңа маусымды Австрияның Badener AC ( Баден қаласы) және UTTC Panaceo Stockerau (Штоккерау қаласы) клубтарында бастайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

«2018-2022 жылдар аралығында мен Badener клубында ойнадым. Сол кездерден жылы естелік қалды. Араға екі жыл салып, ағаммен бірге Еуропаның ең мықты лигаларының біріне  қайта жолдама алдық», - дейді Айдос. 

Дастанның айтуынша, ол 2023 жылы өткен жаттығу жиынында австриялық клуб менеджерлерінің көзіне түскен. 

«Австриядағы оқу-жаттығу жиынында менеджерлер мені байқаған. Содан кейін келісімшартқа қол қойып, бір маусымды сәтті өткіздім. Биыл келісімді тағы созды. Айдоспен бір чемпионатта ойнайтыныма қуаныштымын», - дейді Дастан. 

Айта кетелік, Қазақстан сапынан тағы бір ойыншы шетел чемпионатында өнер көрсетеді. Құрама үздігі Кирилл Герасименко Германияның «Вердер» командасында ойнайды.