logo

Қорлан Жақанша: Күреспегеніме төрт жылға жуық уақыт өтіпті, боз кілемді сағындым

Қорлан Жақанша: Күреспегеніме төрт жылға жуық уақыт өтіпті, боз кілемді сағындым

29 қараша күні Астанада өтетін Wrestling Stars кешіне грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қорлан Жақанша қатысады. Қазіргі уақытта Алматы облысындағы спорт мектебінің директоры қызметіндегі балуан үзілістен кейін боз кілемге оралуына не себеп болғанын Sport+ тілшісіне айтты:

«Жарыс ұйымдастырушысы Дәурен Еркін хабарласып, қатысуға ұсыныс жасағанда бірден келістім. Өйткені, біз кәсіби спорттағы адамдар, осы істің фанатымыз. Күреспегеніме төрт жылға жуық уақыт өтіпті, боз кілемді сағындым.

Белдесу, әрине оңай болмайды. Қазіргі уақытта Исхар Курбаев өз салмағында бірінші нөмірлі балуан. Дегенмен, мен де барымды саламын. Көрермендерді өте қызық күрес күтіп тұр деп ойлаймын»