QJL All Star 2026 құрамы: «Боруссиямен» кімдер ойнайды
Freedom QJ League жұлдыздар матчының төртінші ойынына қатысатын команданың құрамы мен бапкерлер штабы белгілі болды.
Еске салайық, биыл қазақстандық дарынды жасөспірімдер құрамасы «Боруссия» (Мёнхенгладбах) академиясының өз құрдастарымен кездеседі.
Қақпашылар:
Камиль Гайнуллин («Қайрат»), Әмірхан Құрбанов («Ордабасы»), Даниил Нұржанов («Тобыл»).
Қорғаушылар:
Марлен Әмренов («Қайрат»), Мансур Авасханов («Қайрат»), Әлфир Ханафи («Қайрат»), Мейірлан Балтабаев («Шахтер»), Ислам Рақым («Қайрат»), Нұрхан Қағазбаев («Шахтер»), Жәнібек Жайлаубек («Шахтер»), Тимур Ипполитов («Жас Қыран»), Нұрасыл Шералы («Ордабасы»), Кирилл Сатжанов («Шахтер»), Ақбар Сәденов («Ақтөбе»).
Жартылай қорғаушылар:
Дамир Юсупбеков («Шахтер»), Әлихан Жұмабек («Қайрат»), Азамат Мусаев («Ақтөбе»), Алан Ерболұлы («Тараз»).
Шабуылшылар:
Дәулет Орынбасар («Қайрат»), Сергей Шарунов («Жас Қыран»), Расул Акимов («Шахтер»), Абылай Жілқайдар («Қайрат»), Ануар Төленді (ҚФФ академиясы), Ибрахим Бауыржанов («Ақтөбе»), Арсен Испанов («Астана»).
Бас бапкер:
Ринат Жиембеков («Ақтөбе»).
Бапкерлер штабы:
Игорь Маштаков («Шахтер») — бас бапкердің көмекшісі;
Игорь Бугаев («Тобыл») — шабуыл бағыты бойынша бапкер;
Дамир Даутов («Қайрат») — қорғаныс бағыты бойынша бапкер;
Константин Чернявский («Астана») — бапкер-талдаушы;
Сергей Ткачук («Шахтер») — қақпашылар бапкері.