logo

QFL үздіктері белгілі болды

QFL үздіктері белгілі болды

Qazaqstan Football League бірінші маусым қорытындысы бойынша QFL үздік ойыншылары мен бапкерлерін жариялады. 4 сәуір мен 25 қазан аралығында өткен турнирге 16 команда қатысты. Нәтижесінде «Оқжетпес» футбол клубы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport+.

«Оқжетпестің» 25-жасар жартылай қорғаушысы Дәурен Жұмат үздік ойыншы атанды. Ол барлық матчта алаңға шығып, 8 гол соқты. Одан бөлек 14 нәтижелі пас берген Жұмат үздік асситент те атанды.

«Оқжетпес» бапкері Андрей Ферапонтов маусымның үздік бапкері деп танылды. 49-жасар маманның жетекішілігімен аталмыш клуб турнирдің бес дүркін жеңімпазы атанып, жоғары дивизионға жолдама иеленді.