logo

ҚФФ мен Sport Plus Qazaqstan Премьер-лига матчтарын көрсету жөнінде келісімге келді

ҚФФ мен Sport Plus Qazaqstan Премьер-лига матчтарын көрсету жөнінде келісімге келді

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан Премьер-лигасының барлық матчтарын Qazsport және Sport Plus Qazaqstan телеарналарынан көрсету бойынша келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+.

ҚФФ вице-президенті Давид Лория, Qazsport телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков және Sport Plus Qazaqstan телеарнасының бас директоры Асқат Жақаев жоғары сапалы трансляцияның маңызын талқылады. 1-турдан бастап Премьер-лига ойындары аталған телеарналардың барлық платформаларында, соның ішінде YouTube-тағы ресми парақшаларында көрсетіледі.

Тараптар бірлескен күш-жігермен Премьер-лиганы ақпараттық тұрғыда жаңа деңгейге көтеруге келісті.