Қазақстанның теннистен Дэвис кубогында Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасының Дэвис кубогының екінші Әлемдік тобы аясында Таиландқа қарсы өтетін матчқа қатысатын ойыншылары анықталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан сапында Александр Шевченко, Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Бейбіт Жұқаев және Әмір Омарханов өнер көрсетеді.
Қазақстан мен Таиланд арасындағы кездесу 18-19 қыркүйек күндері Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының хард корттарында өтеді.
Кездесу бес ойыннан тұрады: төрт жекелей және бір жұптық сайыс.
Матчта жеңіске жеткен команда 2027 жылғы Дэвис кубогының бірінші Әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама алады.