logo

Қазақстанның футзал құрамасы — УЕФА рейтингінің үздік үштігінде

Қазақстанның футзал құрамасы — УЕФА рейтингінің үздік үштігінде

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) футзал бойынша ұлттық құрамалар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан футзал құрамасы бірінші турда Албанияны (2:0) жеңді, екінші турда Армениямен (4:4) тең түсті, төртінші турда Данияда (2:3) жеңіліп, бесінші турда өз алаңында даттардан (7:3) кегін алды. Іріктеу кезеңінің екі соңғы матчын Рикардо Кака шәкірттері Албания (7 наурыз) және Армения (12 наурыз) құрамаларымен өткізеді.

УЕФА рейтингі, 2025 жылдың 6 ақпаны:

Португалия — 2943,891;
Испания — 2637,063;
Қазақстан — 2552,040;
Ресей — 2547,159;
Украина — 2334,137;
Франция — 2227,347;
Хорватия — 2048,803;
Польша — 1958,069;
Финляндия — 1910,321;
Италия — 1905,858;



Күн шежіресі