Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатын 10 медальмен аяқтады

Су спорты түрлерінен Ахмедабад қаласында (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жүзу сайыстары аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста он медаль жеңіп алды.
Сары құрлық чемпионатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин бірінші орынға ие болды.
Күміс медаль иегерлері: Максим Сказобцов (100 метр баттерфляй), София Әбубәкірова (50 метр арқамен жүзу), Глеб Коваленя (50 метр еркін стиль), Айбат Мырзамұратов (50 метр брасс), София Әбубәкірова (50 метр баттерфляй).
Қола жүлде иегерлері: Софья Сподаренко (100 метр баттерфляй), Максим Сказобцов (50 метр баттерфляй), Софья Сподаренко (50 метр баттерфляй), Қазақстан аралас құрамасы (4×100 метр еркін стиль эстафетасы).