logo

Қазақстандық жеті боксшы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық жеті боксшы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында Қазақстан құрамасының жеті боксшысы алтын медаль үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Sport+.

Финалға шыққан спортшылар:
- Бексұлтан Боранбек (51 келі),
- Торехан Сабырхан (67 келі),
- Өнер Сейілхан (71 келі),
- Санжаралы Бегалиев (75 келі),
- Елянұр Тұрғанова (50 келі),
- Ұлдана Таубай (66 келі),
- Аружан Зейноллаева (81 келі).

Чемпионатты қола жүлдемен аяқтағандар:
- Диас Берікбай (48 келі),
- Жансері Көшербаев (57 келі),
- Расул Асанханов (92 келі),
- Аслан Елдібайұлы (92 келіден жоғары),
- Әнел Әбдірасилова (48 келі),
- Бағжан Отынбай (52 келі),
- Толғанай Қасымхан (60 кг),
- Аружан Жанабаева (63 келі),
- Шұғыла Нәлібай (75 келі),
- Панар Сейтханқызы (81 келіден жоғары).

Бұл нәтиже қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жоғары дайындығын көрсетеді.