Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Оңтүстік Кореяның Мокпо қаласында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық жеңіл атлет Иван Иванов жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Ол ядро серпуде үшінші орынға ие болды. Иванов 18,58 метр нәтижесін көрсетті.
Айта кетейік, Евгений Лабутов диск лақтыруда жетінші орын алды.
Ал Артур Гафнер найза лақтыру сайысында ел намысын қорғайды.