logo

Қазақстандық жеңіл атлет Алина Чистякова әлем чемпионатында алғашқы ондыққа енді

Қазақстандық жеңіл атлет Алина Чистякова әлем чемпионатында алғашқы ондыққа енді

Перудің Лима қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі жалғасуда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық Алина Чистякова жарыс қорытындысы бойынша алғашқы ондыққа енді.

Спортшы жетісайыста бақ сынап, жалпы есебі 5161 ұпай жинады. Осылайша, жарысты тоғызыншы орынды аяқтады.

Ал бұл бәсекеде хорватиялық Яна Кощак жеңіске жетті. Оның еншісінде 5807 ұпай бар. Екінш орында швейцариялық Люсия Аклан (5755), үшінші орында чехиялық Адела Ткачова (5601) орналасқан.

Тағы бір қазақстандық спортшы Ирина Конищева жарысты 12-орынмен аяқтады.