Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады
Қытайдың Тяньцзинь қаласында волейболдан әйелдер арасында Азия чемпионатының топтық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсетті. Үш матчтың қорытындысы бойынша қазақстандық волейболшылар бір жеңіске жетіп, екі рет жеңіліп, өз тобында үшінші орынға тұрақтады.
Турнир талаптарына сәйкес, әр топтан үздік екі команда, сондай-ақ, үшінші орын алған құрамалар арасындағы көрсеткіші жоғары екі команда ширек финалға жолдама алды. Қазақстан құрамасы олардың қатарына ене алмай, жүлде үшін таласты жалғастыра алмады.
Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы тоғызыншы орынға ие болды.
Қытай, Таиланд, Индонезия, Жапония, Вьетнам, Қытай Тайбэйі, Оңтүстік Корея және Иран құрамалары жүлдеге таласады.