Қазақстандық UFC жауынгері Николай Веретенников жекпе-жек болмай қалғаны жайлы: Жұмысқа рұқсат мерзімім аяқталды
Қазақстандық UFC жауынгері Николай Веретенников Prosports.kz сайтына берген сұхбатында аралас жекпе-жек әлеміндегі ең беделді промоушендегі екінші жекпе-жегінің болмай қалу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sport+.
«Иә, жекпе-жек иммиграциялық мәселелерге байланысты тоқтатылды. Менің жұмыс істеуге берілген рұқсатымның мерзімі аяқталды, оны ұзарту үшін өтініш бердім – содан бері бір жылға жуық уақыт өтті. Әлі жауап келмеді – сол себепті UFC бұл жекпе-жекті мақұлдамады».
Бастапқыда 16 ақпанда Веретенников (12-5) UFC Fight Night турнирінде америкалық Билли Рэй Гоффпен (9-3) кездесуі тиіс болатын. Енді бұл турнирде 23 ақпанда Гофф отандасы Адам Фугиттпен (10-4) жұдырықтасады.