Қазақстандық Тунистегі үстел теннисі турнирінің негізгі кезеңіне шықты

Тунисте үстел теннисінен WTT Youth Contender Tunis халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+.
Оған Азия, Африка және Еуропаның 20 елінен спортшылар қатысуда.
19 жасқа дейінгі жасөспірімдер санатында қазақстандық Алан Құрманғалиев өз тобында Тунис спортшысы Адем Халуфиді 3:1 және малайзиялық Хон Ю Тейді 3:1 есебімен жеңді.
Ол жарыстың негізгі кезеңіне өтіп, медаль үшін күресетін болды.